Журнал Лучший ученик
«Үздік OQÝSHY» республикалық балалар журналы
Цель журнала: балалардың зияткерлік, шығармашылық және рухани дамуын қолдау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, білімге қызығушылығын арттыру және үздік оқушылардың жетістіктерін насихаттау.
Тақырыптық бағыты:
- Танымдық мазмұн:балалардың ой-өрісін, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған ғылыми-популярлық мақалалар, табиғат, техника, ғарыш, тәжірибелер және жаңалықтар.
- Шығармашылық жұмыстар: балалар жазған өлеңдер, әңгімелер, ертегілер, суреттер мен қолөнер туындылары, сондай-ақ жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел құрастыру арқылы шығармашылық қабілетті дамыту.
- Білімдік бағыт:мектеп бағдарламасына сәйкес пәндік материалдарды қызықты форматта беру, зияткерлік тапсырмалар, логикалық ойындар, викториналар мен сұрақ-жауап айдарлары.
- Ұлттық тәрбие:қазақ халқының салт-дәстүрлері, халық ауыз әдебиеті, шешендік өнер, ұлттық ойындар және қазақы болмысты насихаттайтын танымдық материалдар.
- Үздік оқушылар тәжірибесі:Республикалық, облыстық, қалалық деңгейде жетістікке жеткен дарынды оқушылар туралы мақалалар, сұхбаттар мен тәжірибе алмасу.
- Ата-анаға арналған кеңестер:отбасылық тәрбие, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөліне қатысты кеңестер мен танымдық-әдістемелік бойынша материалдар жариялау.
Журналдың құрылтайшысы және баспагері: «BAYANDY» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «KEMENGER» ғылыми-әдістемелік орталығы.
Басылым
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде есепке қойылған (2025 жылғы 16 қыркүйегіндегі Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды қайта есепке қою туралы № KZ77VPY00129399 куәлiк).
Журнал айына төрт рет шығады.
Мақалалар келесі пошта арқылы қабылданады: kemengerustaz.kz@gmail.com
Байланыс телефоны: +7 771 181 23 03