Ғылыми-әдістемелік орталық
Педагогтердің кәсіби дамуы және ғылыми-әдістемелік қолдау
Қысқаша тарихы
Ғылыми-әдістемелік орталық өз жұмысын 2020 жылы бастаған. Бүгінде орталықтың құрылғанына 5 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында орталық еліміздің педагогтері үшін кәсіби даму мен тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Біз білім беру сапасын арттыру мақсатында мазмұнды ғылыми-әдістемелік материалдар әзірлеп, ұстаздар қауымына әдістемелік қолдау көрсетіп келеміз.
Миссиясы
Ұлттық құндылықтарды заманауи білім беру талаптарымен ұштастыра отырып, ұстаздардың шығармашылық әлеуетін дамыту және кәсіби өсуіне жағдай жасау.
Мақсаты
- Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;
- Білім беру саласына арналған сапалы ғылыми-әдістемелік ресурстар дайындау;
- Ұстаздарға арналған тәжірибе алмасу алаңдарын қалыптастыру;
- Республикалық және халықаралық деңгейдегі басылымдар арқылы педагогтердің ғылыми-әдістемелік еңбектерін насихаттау.
Негізгі қызмет бағыттары
🔹 Баспа қызметі
Қазіргі таңда орталықта 12 журнал тұрақты түрде жарық көреді:
- 2 халықаралық журнал
- 1 республикалық балалар журналы (педагогтерге арналған)
- 9 республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Барлық журналдар аттестацияға жарамды және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №20-3-20-7/1428-И хатына сәйкес облыстық және республикалық басылымдар тізіміне енгізілген.
🔹 Ғылыми-әдістемелік жұмыстар
Орталықта педагогтерге арналған авторлық бағдарламалар, әдістемелік құралдар, ғылыми жобалар әзірленеді. Бұл материалдар мұғалімдердің кәсіби дамуына және білім сапасын арттыруға бағытталған.
🔹 Конференциялар мен конкурстар
Орталық тұрақты түрде республикалық деңгейдегі конференциялар, байқаулар ұйымдастырады. Бұл іс-шаралар педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби танылуына мүмкіндік береді.