Үздік oqýshy журналы

«Үздік OQÝSHY» республикалық балалар журналы 

Журналдың мақсаты: балалардың зияткерлік, шығармашылық және рухани дамуын қолдау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, білімге қызығушылығын арттыру және үздік оқушылардың жетістіктерін насихаттау.

Тақырыптық бағыты:  

  1. Танымдық мазмұн:балалардың ой-өрісін, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған ғылыми-популярлық мақалалар, табиғат, техника, ғарыш, тәжірибелер және жаңалықтар.
  2. Шығармашылық жұмыстар: балалар жазған өлеңдер, әңгімелер, ертегілер, суреттер мен қолөнер туындылары, сондай-ақ жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел құрастыру арқылы шығармашылық қабілетті дамыту.
  3. Білімдік бағыт:мектеп бағдарламасына сәйкес пәндік материалдарды қызықты форматта беру, зияткерлік тапсырмалар, логикалық ойындар, викториналар мен сұрақ-жауап айдарлары.
  4. Ұлттық тәрбие:қазақ халқының салт-дәстүрлері, халық ауыз әдебиеті, шешендік өнер, ұлттық ойындар және қазақы болмысты насихаттайтын танымдық материалдар.
  5. Үздік оқушылар тәжірибесі:Республикалық, облыстық, қалалық деңгейде жетістікке жеткен дарынды оқушылар туралы мақалалар, сұхбаттар мен тәжірибе алмасу.
  6. Ата-анаға арналған кеңестер:отбасылық тәрбие, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөліне қатысты кеңестер мен танымдық-әдістемелік бойынша материалдар жариялау.

Журналдың құрылтайшысы және баспагері: «BAYANDY» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «KEMENGER» ғылыми-әдістемелік орталығы.

Басылым

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде есепке қойылған (2025 жылғы 16 қыркүйегіндегі Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды қайта есепке қою туралы № KZ77VPY00129399 куәлiк).

Журнал айына төрт рет шығады. 

Мақалалар келесі пошта арқылы қабылданады: kemengerustaz.kz@gmail.com

Байланыс телефоны: +7 771 181 23 03 

Scroll to Top