«USTAZ HAB» Халықаралық ақпараттық ғылыми-әдістемелік журналы

Журнал мектеп мұғалімдеріне, балабақша тәрбиешілері және әдіскеріне, колледж және ВУЗ оқытушыларына, бакалавр студенттеріне және магистранттарға арналған.

Портфолиоға жарамды

Қазақша/Орысша/Ағылшынша

Тексерілген

Журнал туралы

Тіркеу мәліметтері:
Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті 2023 жылғы 20 ақпанда мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлік берген:
№ KZ40VPY00064978.

Таралу аумағы:
Журнал халықаралық деңгейде таралады, алыс және жақын шет елдерде.

Жариялану жиілігі:
«USTAZ HAB» журналы айына 1 рет жарық көреді.

Мақсаты:
«USTAZ HAB» журналы білім беру саласындағы жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстары мен әдістемелік әзірлемелерді насихаттау арқылы мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, инновациялық білім беру тәсілдері мен технологияларын енгізу.

Міндеттері:

  1. Педагогикалық, ғылыми және әдістемелік зерттеулерді жариялау арқылы білім беру саласындағы мамандарға қолдау көрсету.
  2. Заманауи білім беру технологияларын енгізу және олардың тиімділігін талқылау.
  3. Ұлттық және халықаралық деңгейде білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді тарату.
  4. Білім беру және тәрбиелеу саласында ғылыми идеяларды дамытуға ықпал ету.
  5. Мұғалімдер мен тәрбиешілердің шығармашылық белсенділігін арттыру үшін ғылыми-әдістемелік мақалалар мен оқу материалдарын жариялау.
  6. Дарынды оқушылар мен жас зерттеушілердің жобаларын, ғылыми және шығармашылық еңбектерін қолдау және насихаттау.
  7. Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім беру идеологиясын дамыту.

Журналдың рөлі:
«USTAZ HAB» журналы – бұл педагогтардың кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған, заманауи білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен инновациялар туралы ақпарат алмасу алаңы. Журнал педагогикалық шығармашылық пен ғылыми ізденістерге негізделген, мұғалімдер мен тәрбиешілердің білімін жетілдіріп, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға септігін тигізеді.