Жаңалықтар

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы «Жастар Рухы» ЖК, «Алаш Жастар Одағы» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен «IQ-ALA JASTARY» жобаны іске асыру қорытындылары бойынша «Қоғамдық тыңдалым» ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жобаны іске асыру барысында қол жеткізілген нәтижелерді талқылау, жастардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған ұсыныстар әзірлеу, сондайақ Алматы қаласындағы жастарды қолдауға бағытталған жаңа бастамаларды анықтау болды. Қоғамдық тыңдалымға «Жастар Рухы» Алматы қалалық филиалының төрағасы Әкежан Кеңесов, Алматы қаласы жастар ұйымдары, белсенді студенттер және «IQ ALA JASTARY » жобасының қатысушылар қатысты. Тыңдалым барысында жоба нәтижелері таныстырылып, қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салды.
«JANA BELES» студенттер фестивалінің қатысушыларымен тимбилдинг өтті 2024 жылдың 1 желтоқсанында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен,  «Жастар Рухы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен «ALMATY LEADERS» жобасы аясында «JANA BELES» студенттер фестивалі аясында ерекше тимбилдинг іс-шарасы өтті. Бұл шара жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, командалық рухты нығайтуға және жаңа идеяларды ортаға салуға бағытталған.