«KEMEŃGER USTAZ.KZ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы

Журнал мектеп мұғалімдеріне, балабақша тәрбиешілері және әдіскеріне, колледж және ВУЗ оқытушыларына, бакалавр студенттеріне және магистранттарға арналған.

Портфолиоға жарамды

Қазақша/Орысша/Ағылшынша

Тексерілген

Журнал туралы

Тіркеу мәліметтері:
Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті 2022 жылғы 20 қаңтардағы мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлік берген:
№ KZ61VPY00045006.

Таралу аумағы:
Журнал Қазақстан аумағында таралады.

Жариялану жиілігі:
«KEMEŃGER USTAZ.KZ» журналы айына 1 рет жарық көреді.

ISSN:
2959 — 0183

Мақсаты:
«KEMEŃGER USTAZ.KZ» журналы білім беру жүйесінде педагогикалық зерттеулер мен жаңа әдіс-тәсілдерді тарату, оқыту сапасын арттыруға бағытталған және педагогтардың кәсіби дамуына көмек көрсету.

Міндеттері:

  1. Білім беру саласындағы жаңа әдістер мен технологияларды насихаттау және тәжірибеге енгізу.
  2. Педагогтар мен тәрбиешілердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында ғылыми-әдістемелік мақалаларды жариялау.
  3. Колледждер мен ВУЗ оқытушыларына арналған оқу-әдістемелік материалдар мен мақалаларды ұсыну.
  4. Дарынды оқушылар мен жас зерттеушілердің ғылыми шығармашылық жобаларын қолдау және насихаттау.
  5. Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру мен тәрбие идеологиясын дамыту.

Журналдың рөлі:
«KEMEŃGER USTAZ.KZ» журналы – бұл педагогтардың кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған, заманауи білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен инновациялар туралы ақпарат алмасу алаңы. Журнал педагогикалық шығармашылық пен ғылыми ізденістерге негізделген, мұғалімдер мен тәрбиешілердің білімін жетілдіріп, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға септігін тигізеді.