«ÚZDIK PEDAGOG JÝRNALY» Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналыҮздік педагог

Журнал мектеп мұғалімдеріне, балабақша тәрбиешілері және әдіскеріне, колледж және ВУЗ оқытушыларына, бакалавр студенттеріне және магистранттарға арналған.

Портфолиоға жарамды

Қазақша/Орысша/Ағылшынша

Тексерілген

Журнал туралы

Тіркеу мәліметтері:

  • Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 27 қазанда тіркелген.
  • Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі: № KZ35VPY00080588.

Таралу аумағы:

  • Қазақстан Республикасының аумағында таратылады.

Жариялану жиілігі:

  • «ÚZDIK PEDAGOG JÝRNALY» журналы айына 4 рет жарық көреді.

Мақсаты:
Мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлері, колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары, бакалавр студенттері мен магистранттарға заманауи ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету арқылы білім беру саласының сапасын арттыру.

Міндеттері:

  1. Педагогтарға арналған заманауи ғылыми-әдістемелік материалдарды жариялау арқылы олардың кәсіби өсуіне ықпал ету.
  2. Білім беру үрдісіне инновациялық технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді енгізуді насихаттау.
  3. Ұлттық және халықаралық деңгейдегі білім беру тәжірибесін тарату.
  4. Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен педагогикалық жобаларды қолдау және жариялау.
  5. Білім саласындағы дарынды оқушылар, студенттер мен жас зерттеушілердің жетістіктерін насихаттау.
  6. Ұлттық құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие идеологиясын дамыту.
  7. Педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттыруға жағдай жасау және олардың жетістіктерін көпшілікке таныстыру.
  8. Тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру үшін педагогикалық тәжірибелер мен идеяларды талқылауға арналған алаң құру.

Журналдың рөлі:
«ÚZDIK PEDAGOG JÝRNALY» – білім беру мен тәрбие саласындағы мамандарға арналған заманауи, сапалы әдістемелік құрал. Журнал педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдауға және білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттауға бағытталған.