Тіркеу мәліметтері:
- Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 27 қазанда тіркелген.
- Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі: № KZ35VPY00080588.
Таралу аумағы:
- Қазақстан Республикасының аумағында таратылады.
Жариялану жиілігі:
- «ÚZDIK PEDAGOG JÝRNALY» журналы айына 4 рет жарық көреді.
Мақсаты:
Мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлері, колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары, бакалавр студенттері мен магистранттарға заманауи ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету арқылы білім беру саласының сапасын арттыру.
Міндеттері:
- Педагогтарға арналған заманауи ғылыми-әдістемелік материалдарды жариялау арқылы олардың кәсіби өсуіне ықпал ету.
- Білім беру үрдісіне инновациялық технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді енгізуді насихаттау.
- Ұлттық және халықаралық деңгейдегі білім беру тәжірибесін тарату.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен педагогикалық жобаларды қолдау және жариялау.
- Білім саласындағы дарынды оқушылар, студенттер мен жас зерттеушілердің жетістіктерін насихаттау.
- Ұлттық құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие идеологиясын дамыту.
- Педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттыруға жағдай жасау және олардың жетістіктерін көпшілікке таныстыру.
- Тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру үшін педагогикалық тәжірибелер мен идеяларды талқылауға арналған алаң құру.
Журналдың рөлі:
«ÚZDIK PEDAGOG JÝRNALY» – білім беру мен тәрбие саласындағы мамандарға арналған заманауи, сапалы әдістемелік құрал. Журнал педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдауға және білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттауға бағытталған.